#Психологиялық_қолдау_орталығы
#Позитивті_мағыналар_аумағы
#Позитивті_ойлау
#Отбасының_құндылығы
#Сенімменқолдау
#Жауапты_болашақ
5 ақпан күні мектепте 05–16 ақпан аралығында өтетін «Позитивті мағыналар аумағы» онкүндігінің ашылуы ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларда позитивті өмірлік көзқарас пен құндылықтарды қалыптастыру, қолайлы психологиялық орта құру, эмоционалдық тұрақтылық пен өміршеңдікті дамыту, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайларды конструктивті түрде еңсеру дағдыларын қалыптастыру.
Жиын барысында онкүндіктің мақсат-міндеттері таныстырылып, алдағы күндері өтетін іс-шаралар жоспары ұсынылды. Оқушыларға позитивті ойлау, өзін-өзі қолдау, өз эмоцияларын түсіну мен басқарудың маңыздылығы туралы түсіндірілді.
Ашылу линейкасы оқушылардың қатысуымен өтіп, оларды өзіне сенімді, жауапкершілігі жоғары, психологиялық тұрғыдан тұрақты тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталды.
Онкүндік аясында түрлі психологиялық тренингтер, интерактивті жаттығулар, әңгімелер мен практикалық жұмыстар өткізу жоспарланған.
Жаңалықтар
«Позитивті мағыналар аумағы»
Қаралды: 7





