#ДұрысТамақтану #СалауаттыӨмірСалты #МектепӨмірі #Денсаулық
Бүгін мектебімізде 5–9 сынып оқушыларына арналған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы бірлесіп ұйымдастырған бірыңғай жалпы республикалық «Мен таңдаған жол» атты ашық сабақ өтті.
Сабақ онлайн форматта ұйымдастырылды.
Сабақтың негізгі мақсаты – оқушыларға дұрыс тамақтанудың маңыздылығын түсіндіру, салауатты өмір салтын қалыптастыру және денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға баулу.
Іс-шара барысында оқушылар пайдалы және зиянды тағамдар туралы ақпарат алып, дұрыс тамақтану қағидаларымен танысты. Сонымен қатар, өз ойларымен бөлісіп, белсенділік танытты.
Ашық сабақ жоғары деңгейде өтіп, оқушыларға пайдалы әрі қызықты болды.





