Бүгін Халықаралық қауіпсіз интернет күні аясында мектебімізде оқушылармен маңызды кездесу өтті. Кездесуге әкімшілік аумақтың ювеналды учаскелік инспекторы, полиция аға лейтенанты Базаркенов Мейрбек Мырзагалиевич қатысты.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға интернет желісін жауапты әрі қауіпсіз пайдалану жолдарын түсіндіру, цифрлық ортадағы қауіп-қатерлердің алдын алу және киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
Кездесу барысында оқушыларға жеке деректерді қорғау, күмәнді сілтемелер мен алаяқтық әрекеттерден сақтану, әлеуметтік желілерде дұрыс қарым-қатынас жасау, сондай-ақ интернеттегі құқық бұзушылықтардың салдары туралы ақпарат берілді. Инспектор нақты мысалдар келтіріп, балалардың сұрақтарына жауап берді.
Осындай профилактикалық шаралар жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, олардың қауіпсіз цифрлық ортада саналы әрекет етуіне ықпал етеді.





