Мектебімізде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аяулы Анашым» атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік кешке мектеп ұстаздары, ардақты аналар мен оқушылар қатысты.
Іс-шара барысында оқушылар аналар мен ұстаздарға арнап әсем әндер орындап, мың бұралған билер биледі. Сондай-ақ мерекеге арналған көріністер қойылып, жүрекке жылы тиетін тақпақтар оқылды. Балалардың шынайы ықыласы мен алғысы көрермендердің көңілін толқытты.
Мерекелік кеште құттықтау сөз сөйлеген тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абу Б.Т. барша аналар мен ұстаздарды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.
Кеш соңында қадірлі аналар мен ұстаздарға оқушылардың атынан гүлдер мен шағын сыйлықтар табысталды. Бұл шара аналарға деген құрмет пен алғыстың, мейірім мен жылулықтың жарқын көрінісі болды.





