КГУ "Заринская ОШ"
Ресми интернет-ресурс

Ата-аналар қауымдастығы арасында алаяқтықтың алдын алу

Previous Next

Аудан прокуратурасының тапсырмасына сәйкес білім беру ұйымдарында ата-аналар қауымдастығы арасында алаяқтықтың алдын алу, соның ішінде банк карталарын үшінші тұлғаларға беруге жол бермеу мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Түсіндіру барысында ата-аналарға қазіргі таңда жиі кездесетін қаржылық алаяқтық түрлері, банк картасын, PIN-кодты, SMS-кодтарды, онлайн-банкинг деректерін бөгде адамдарға берудің қауіптілігі жан-жақты түсіндірілді. Алаяқтар азаматтардың сеніміне кіріп, түрлі сылтаулармен банк карталарын пайдаланып, заңсыз қаржылық операциялар жасайтыны айтылды.
Сонымен қатар, банк картасын үшінші тұлғаларға беру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екені, мұндай әрекеттердің заңмен қатаң жазаланатыны туралы ақпарат берілді. Ата-аналарға балаларын да қаржылық қауіпсіздік ережелеріне үйрету, бейтаныс адамдармен қаржылық мәселелер бойынша байланыс орнатпау қажеттігі ескертілді.
Түсіндіру жұмыстары барысында бейнеролик көрсетіліп, сондай-ақ ұсынылған ақпараттық материалдар ата-аналарға жеткізілді. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, алаяқтықтың алдын алу бойынша ұсыныстар айтылды.
Ата-аналар қаржылық қауіпсіздік мәселелеріне бейжай қарамау, күмәнді жағдайларда банкке немесе құқық қорғау органдарына жедел хабарласу қажеттігін түсінді.

Записаться на прием